Instagram: @kuralay_corich
Қазақстандық актриса, кинопродюсер, Құралай Анарбекова «Мамский әнгіме» подкастының жүргізушісі Айнұр Ілиясоваға жеке жоспарлары туралы айтып берді.
Актриса Айнұр Ілиясованың тұрмысқа шығу туралы жоспарын сұрағанда Құралай жай ғана тек махаббатпен отбасын құрғысы келетінін айтты.
«Мен бір рет және соңғы рет жанұя құрғым келеді. Кейде менің ойымша, егер 28 немесе 27 жасымда тұрмысқа шықсам, онда мен некеде бақытты болмас па едім, өйткені өзімнің мақсатымды жүзеге асыра алмай, отбасында бақытты бола алмайтын шығармын деп ойлаймын. Кім біледі. Мен қазір дайынмын, бұл туралы жарты жыл бұрын айтқан болатынмын. Ол кезде «Орёл и Решка» жобасы болып қалды, мүмкін бәрі уақытында болған шығар, ол адам менікі емес шығар. Көбісі менен сұрайды, не істеп жүрсің тұрмысқа шықпай деп. Бірақ менде, бұл туралы ешқандай алаңдаушылық жоқ»,
деді ол.
Құралай мойындады, кейбіреулер оның жеке өміріне шамадан тыс қызығушылық танытып, орынсыз сұрақтар қояды: «Қашан тұрмысқа шығасың?», «Сен ажырасқансың ба?», «Мүмкін балаң бар шығар?».
«30 жастан асқан және әлі тұрмыс құрмаған қыз — қоғамның мүгедегі, мерзімі өтіп кеткен сияқты. Бұл өте жаныңа батады екен. Біз Бразилияда болдық, олар 35 жастан кейін ғана отбасы туралы ойлайды. Бұған дейін білім алады, жұмыс істейді, пәтер, көлік сатып алады. Содан кейін ғана олар отбасын құруды шешеді. Маған ұнайды. Мүмкін менде осындай ойлау қалыптасқан шығар, өйткені шетелге жиі барамын. Менің ойымша, кейде біздің қоғам үшін қыздың тұрмысқа шығып, бала туып, ажырасқаны жақсы ма деп ойлап қаламын. Бұл ұят емес, бірақ егер ол 30-ға дейін тұрмысқа шықпаса, мансабымен айналысса — бұл ұят деп саналады»,
деді ол.
Құралай сапалы қарым-қатынас бар мықты отбасы құруды армандайтынын мойындады.
«Мен үшін өзімнің бақытты болғаным маңыздырақ, сондықтан бұйырғаны болар. Егер мені бақытты ететін адамды кездестірсем, мен ертең-ақ той жасаймын. Мен қазір дайынмын. Бұған дейін мұндай қадамға дайын емес едім, өйткені өзімді білемін — егер бизнеске кіріссем, оған басыммен кетіп қаламын, бұл некеде де солай болатын еді, тек күйеуім мен балаларыммен айналысып, бірақ өз мансабымды жасамас едім»,
деді ол.
Фото: Instagram
The post «30-дан асқан қыз тұрмысқа шықпаса — ұят»: Құралай Анарбекова қоғам қысымы туралы appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
Author Profile
Latest entries
- СВЕТСКАЯ ХРОНИКА12.01.2025Звезды премии «Золотой глобус» 2025: Анджелина Джоли, Юра Борисов и другие в лучших нарядах года
- СВЕТСКАЯ ХРОНИКА12.01.2025Звезды премии «Золотой глобус» 2025: Анджелина Джоли, Юра Борисов и другие в лучших нарядах года
- СВЕТСКАЯ ХРОНИКА12.01.2025Гражданство – это почетно!
- Коллекции10.01.2025Белла Хадид в новом кампейне Miss Sixty