
Intagram: @elt6i/@zhanabylov_e
Қазақстандық блогер Ерболат Жанабылов 10 жылдық некеден кейін жұбайы Эльмира Төлегеноваға өмірлік жары болуға романтикалық ұсыныс жасады.
Блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова 12 жыл бірге, оның ішінде 10 жыл заңды некеде, үш баласы бар, бірақ үйлену тойын енді жасауға шешім қабылдады.
«Біз студент өзіміздің ақшамыз жоқ кезде, үлкен армандарымыз болды. Сол уақытта біз жетістікке жеткенде, үйлену тойын жасаймыз деп уәде бердік. Уақыт өтіп, мүмкіндік болмады. Жай ғана неке қидық. Мен сол күйі әдемі ұсыныс алған жоқпын»,
деді Эльмира Төлегенова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Эльмира көптеген жылдар бойы ертегідегідей ұсынысты күткенін мойындады.
«Жақында Ерболат дайындап жатқан той болады. Бірге күтеміз бе?»,
деп сұрады ол оқырмандарынан.
Ерболат жұбайын ғана емес, желідегілерді де таң қалдырды. Күйеу жігіт үш атқа мініп, арбасына керемет қызыл раушан гүлдерін тиеп алды.
Фото: Instagram
The post «Миллион раушан гүлі»: Ерболат Жанабылов 10 жылдан кейін әйеліне ұсыныс жасады appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.