
Instagram: @darhanzholshybekov/@daricorn.rr
Танымал блогер Дархан Жолшыбеков зәулім үйін көрсетті.
Айта кетейік, Дархан құны 300 миллион теңге тұратын пәтерін ұтысқа тігіп, атыраулық келіншекке сыйлаған болатын.
Көп ұзамай блогер жаңа баспанасын көрсетіп, оқырмандарынан қуанышын жасырмады.
«Жаңа қоныс. Бәріңізге жұғысты болсын»,
деп жазды блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Дархан достарын қонаққа шақырып, румтур жасады. Үш қабатты үйдің ішінде кинотеатр, екі ас бөлмесі, бірнеше үлкен жатын бөлмелері бар.
«Дархан мен Даридың үйіне қонаққа келіп жатырмыз. Үйдің ішінде лифт бар. Бірінші қабаттан лифтімен екінші қабатқа көтерілуге болады. Мұндай үйді бірінші рет көріп тұрмыз»,
деді блогер Разиюша.
Желі қолданушылары блогердің зәулім үйін қызу талқылап жатыр.
«Үйдің бағасы – 800 миллион теңге екен», «Үйден гөрі офиске ұқсайды екен», «Бір-бірлеріңді таппай адасып қаласыңдар», «Бәріміз 30 мың теңгеге курсын сатып алдық», «Әр қазақтың үлесі бар», «Бізге де жұғысты болсын бұйырса», – деп жазды көпшілік.
Фото: Instagram
The post «Әр қабатқа лифт қойылған»: Дархан Жолшыбеков су жаңа үйін көрсетті appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.