
Instagram: @akerkeburkitbay
Ақерке Бүркітбай Әли Оқаповпен отбасылық өмірі туралы ашық айтып, олардың қарым-қатынасы уақыт өте келе қалай өзгергенін атап өтті.
Арудың айтуынша, олардың жұбында шамадан тыс сентименталдылық жоқ, бірақ бұл бір-біріне қамқорлық пен қолдау көрсетуіне кедергі емес.
«Біз күн сайын бір-бірімізге «Сен менің бақытымсың» деп айтпаймыз. Екеуміз де тұйықтаумыз, жабықтаумыз. «Уси-пуси» деген бізде аса жоқ. Дегенмен, туған күнде мерекелерде біз ашылып айтып тұруға тырысамыз»,
деп мойындады Ақерке.
Ол отбасын құрғанға дейін Әли Оқапов эмоцияларды көрсетуде салқындау болғанын, бірақ осы екі жыл ішінде ол айтарлықтай өзгергенін атап өтті.
«Қазір оның жүрегі жібіп, эмоциялар ашылды. Барлығын жібітіп, көңілге тимейтіндей әдемі қылып айтуға тырысады. Мен бұл қасиетін өте қатты бағалаймын»,
деді ол «Weidding Fair 2025» жобасы аясында берген сұхбатында.
Әсіресе, Акерке күйеуінің әке болғаннан кейінгі өзінің ұстауына таң қалған. Ол жауапкершілікті ысыра салмайды, керісінше, баланы тәрбиелеуге барынша қатысуға тырысады.
«Баланы өзің қара, мен кеттім» — деген әңгіме ешқашан болмайды. Барынша тырысады»,
деді ол.
Сондай-ақ, Бүркітбайдың айтуынша, жұбайы әрқашан оның идеяларын қолдайды және үнемі өзімен жұмыс істейді, достарымен кеңесіп, өз іс-әрекеттерін талдайды.
«Күннен күнге біз бір-бірімізді ашып келе жатырмыз. Бұл құр жанып-өшіп, күйіп кететін махаббат емес. Күнделікті бір-біріңді тану, аша түсу, әкелік, ағалық қыры, қандай ол ұл, анасына деген сыйластығы… барлығы күнделікті ашылып келе жатыр. Біз күнделікті сол қарым-қатынаста жұмыс істеп жатырмыз және бұл маған ұнайды»,
деп қорытындылады Ақерке.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Instagram
The post Ақерке Бүркітбай Әли Оқаповпен отбасылық өмірі туралы appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.