
Instagram: @aiymsm/@danagultemirsultanova
Қазақстандық актриса Айым Сейтметова театр және кино саласында танымал анасы Данагүл Темірсұлтановамен бірге суретке түсті.
Айым анасы екеуінің жылы суреттерін Instagram парақшасына жариялады. Онда түрлі-түсті және ақ-қара түстегі, мейірім мен нәзіктікке толы кадрлар ұсынылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Актрисаның оқырмандары, соның ішінде Айым мен анасының әріптес-жұлдыздары жылы лебіздері мен тілектерін аямады.
«Сұлу бикештер», «Қазақстандағы ең сәнді, көрікті және харизмасы мол әйелдер. Айым анасының көшірмесі ғой», «20 жылдан кейін сіздің Тамосеямен түскен суретіңіз дәл осындай болады», «Анаңызды бала күнімнен жақсы көремін, нағыз тума талант. Бүкіл отбасымызбен оның қатысуындағы бағдарламаларды күтіп, бірге күлетінбіз», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram
The post Айым Сейтметова анасы Данагүл Темірсұлтановамен әсерлі фототүсірілім жасады appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.