
Instagram: @aizhuldyz_adaibekova/@saken_kagarov
Жанар Айжанованың қызы, дизайнер әрі блогер Айжұлдыз Адайбековаға күйеуі, экстрим-блогер Сәкен Қағаров жаңа пәтер сыйлады.
Бұл қуанышты жаңалықпен Сәкен өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
«Менің сүйіктіме сыйлығым – пәтер. Енді Алматының қақ ортасынан өзіміздің жылы ұямызды жасаймыз!»,
деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желіде жарияланған кадрлардан Айжұлдыз бен Сәкеннің кең әрі жарық пәтерді аралап жүргендерін көруге болады. Енді жас жұбайлар жаңа баспанада жөндеу жұмыстарын бастап, қоныс тойын тойлауға дайындалуда.
Айжұлдыздың әріптестері мен оқырмандары құттықтап, жылы лебіздерін жазы.
«Айжу, жаным, сен бұған әбден лайықсың! Сәкеша – нағыз ер азамат!», «Артық пафоссыз, шын көңілмен жасалған сыйлық», «Махаббаттарыңыз берік болсын!», «Бұл үй сіздерге шаттық пен бақыт әкелсін!» – деп жазды олар.
Айта кетейік, биылғы мамыр айының басында Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров шаңырақ көтерген болатын.
Фото: Instagram
The post Айжұлдыз Адайбековаға күйеуі пәтер сыйлады appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
