
Instagram: @almiratursyn
Қазақстандық актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желіде емделіп жатқанын айтты. Белгілі болғандай, оның анемиясы бар екен.
«Мен бірнеше күн бойы желіге шықпадым, қалпыма келдім… Менде авитаминоз шығар, кальций жетіспеуі мүмкін деп ойладым. Өйткені күнде құрт жеп жүрдім. Шын мәнінде, темір мен ферритин көрсеткіштері төмендеп кетіпті, яғни анемия екен! Мұндай нәтижемен талып құлауым әбден мүмкін еді.
Ал, мен өзімді «жақсы» сезініп жүрдім, жаттығуды да жалғастырдым, тек кейде ерінетінмін, көкірек тұсым қысылып, түнде дұрыс ұйықтай алмадым, кішкене ентігетін болдым. Бәрінің басынан өтті ғой, солай ма? Тағы да 3 қорап құртқа тоймағаннан кейін анализдерімді тапсырып көруге шешім қабылдадым, нәтиже surprise-surprise болды!»,
деді «Томирис» фильмінің жұлдызы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Енді Альмира ем қабылдауда. Ол оқырмандарын денсаулығын күтуге шақырды.
«Енді мен емделемін, қалпына келемін, дәрі қабылдаймын, дәрумендер аламын, қарқынды тамақтануға көштім, жақында жаттығуға ораламын!»,
деді ол.
Фото: Instagram
The post Альмира Тұрсын денсаулығына қатысты мәселелер туралы айтты appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.