
Instagram: @almiratursyn
Қазақстандық актриса, отандық «Томирис» фильмінің жұлдызы Альмира Тұрсын ерекше образда фототүсірілім жасап, жанкүйерлерінің ықыласына ие болды.
Жаңа бейнелермен тәжірибе жасаудан жалықпайтын Альмира бұл жолы шашын жайып, жарқыраған көйлек киіп, мұзды бет бояуымен, мұз қабырғаларының алдында суретке түсті.
Актрисаның бұл өзгеше образы оның тікелей камераға бағыттаған мұздай жанарымен одан сайын әсерлі бола түскен.
«Міне, сендерге ыстық күнде сәл салқын леп»,
деп жазды Альмира өзінің жазбасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жанкүйерлер актрисаның бұл бейнесін ерекше жылы қабылдап, лайк пен қызыл жүректерді жаудырды.
«Үздік!», «Қауіпті көрінеді», «Сұлу әйел», «Ерекше», «Керемет образ», «Әрдайым әдемі», «Альмираға шығармашылық табыс тілеймін!», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram
The post Альмира Тұрсын ерекше бейнесімен жанкүйерлерін таңғалдырды appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
