
Instagram: @ayreeofficial
Қазақстандық әнші AYREE мұсылман дәстүрі бойынша тұрмысқа шықты — әртіс «неке» туралы куәлік ұстаған фотосуретті әлеуметтік желіге жариялады.
Бір аптадан астам уақыт бұрын AYREE қалыңдық атанды. Клипмейкер Нұркен Қасымов әртістің оған «иә» деп жауап бергенін хабарлады.
Жастар ақ некелерін қиып, қуанышты жаңалықпен инста парақшаларында бөлісті.
«20.12. ЖанҰя»,
деп жазды олар желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Балжан Бидаш, Тамара Асар, Аша Матай, Айнұр Ілиясова және басқа да атақты адамдар ерлі-зайыптыларды қуаныштарымен құттықтады. Оларға басқа оқырмандар да қосылды.
«Алақай! Қазақстанда тағы бір отбасы», «Бақытты бол!», «Біз сендер үшін қуаныштымыз», «Бақытты, ұзақ ғұмыр тілеймін» «Құттықтаймын!», — деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.
Фото: Instagram
The post AYREE сүйіктісімен некесін қиды appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.

AYREE | RAIN ent. (@ayreeofficial)