
Instagram: @chichixxan
«Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Азамат Маркленов пен оның жұбайы Чинара тұңғыш ұлдары Дарханның 2 жасын атап өтті. Кештегі кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды.
Отбасылық мерекеге ерлі-зайыптылардың достары мен балалары шақырылды. Робот-трансформерлер, шарлар, сыйлықтар, мерекелік үстел, көңілді ойындар – кішкентай Дарханның туған күні «Көліктер» мультфильмінің стилінде өтті.
Туған күн иесі көңілді мультфильм кейіпкерлерімен безендірілген торттың дәмін бірінші болып татты. Ересектер балалармен бірге көңіл көтеріп, «Ирина Кайратовна» тобының әндеріне биледі.


Instagram/stories: @chichixxan
Азамат пен оның әйелі Чинара бақытты болып жүрді және өсіп қалған қыздары Аманиді де көрсетті.
Естеріңе сала кетейік, олардың отбасы өткен жылдың қараша айында тағы бір сәбимен толыққан болатын – Азамат Маркленов пен Чинара екінші рет ата-ана атанды.
Фото: Instagram
The post Азамат Маркленов ұлының 2 жасын атап өтті appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.