
Instagram: @abilovva_m
Қазақстандық блогер Мерей Әбілова жарты жасар қызымен cүйкімді фотосессия ұйымдастырды. Суреттер әлеуметтік желі қолданушыларын баурап алды.
Естеріңе сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында блогер Мерей Әбілова мен футболшы Дінмұхаммед Қашкен ата-ана атанған болатын. Біраз уақыттан кейін Мерей перзентханадан шыққан кадрларды көрсетті.
Сәби 6 айға толды. Мерей қызымен сүйкімді фотосессия жасады.
«Қызыма 6 ай! Естелік үшін осындай фотосессия жасадық. Сіздерге қалай?»,
деп жазды блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Суретте жас ана мен сәби қара көйлек киді. Фотолардан ақ торт пен 6 санының пішініндегі қара шарды көруге болады.
«Үйленгеннен кейінгі дене пішінің бұрынғыдан да жақсы», «Суретте әкесі болғанда күшті болатын еді», «Сондай тәтті», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram
The post Блогер Мерей Әбілова алты айлық қызымен фотосессия жасады appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.