
Instagram: @itsdaneliya
Қазақстандық әнші, «Голос. Дети» және «Балалар Евровидениесі» жобалары арқылы танылған Данэлия Төлешова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа әнінің бүгін шығатынын мәлімдеді.
Әнші бұл туындының премьерасын асыға күтіп жүргенін айтып, ерекше қобалжу үстінде екенін жасырмады. Ол тыңдармандарына жаңа әні ұнайды деп үміттенеді. Ән Pontifex есімді музыкантпен бірге жазылған. Данэлия шығарманың үзіндісімен оқырмандарымен бөлісті.
«Paradise» әнінің жарық көруін асыға күтіп жүрмін. Бұл трек үшін бірнеше ай бойы еңбек еттім. Осы жұма күні ресми түрде шығады»,
деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жанкүйерлері жылы лебіздерін жаудырып, пікір қалдырды.
«Жұма жақындап қалды, толқу басым», «Қандай әдемісің», «Нағыз от қой мынау», «Бүгін осы ән ойымнан шықпай қойды», «Егер бұл жұмақ болмаса, енді білмеймін», «Оның тәжірибесі мен дарыны жаңа деңгейге жеткенін байқаймыз», — деп жазды олар.
Фото: Instagram
The post Данэлия Төлешова жаңа әнінің жарыққа шығатынын хабарлады appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.