Димаш Құдайберген жаңа лауазымға ие болды — енді әнші әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Ізгі ниет елшісі.
Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі хатшылығының ХХІІ отырысында съездің Ізгі ниет елшісі лауазымына 5 адам ұсынылған. Осы бес адамның ішінде әнші Димаш Құдайберген де болды.
Рухани дипломатия мүмкіндіктерін дамытуға жәрдемдесу үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ізгі ниет елшілерінің мәртебесі туралы ереже қабылданды. Және осы лауазымға жоғары тұлғалар тағайындалды.
Олардың қатарында отандық Димаш Құдайберген, Вьетнам буддистік сангханың Бас хатшысы, Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары Тхить Дык Тхиен, Иерусалимнің және бүкіл Палестинаның Патриархы ІІІ Теофил, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхаммед Абделсалам және Англикан қауымдастығы Бас хатшысының орынбасары Джо Бэйли Уэллс бар.
Фото: Instagram
The post Димаш Құдайберген Діндер съезінің Ізгі ниет елшісі атанды appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
Author Profile
Latest entries
- Коллекции08.11.2024A Holiday Game: Givenchy представил праздничный кампейн
- Коллекции08.11.2024Клетка, бахрома и леопард: зимний кампейн Bottega Veneta
- HOLLYWOOD08.11.2024Әсел Сағатова желіде жаңа хоббиінің суретімен таң қалдырды
- HOLLYWOOD08.11.2024«Она не заценила мои приколы»: Colorit рассказал о том, как познакомился с невестой