
Instagram: @kudaibergenov.dimash
Димаш Құдайберген өзінің ағылшын тіліндегі жаңа әніне арналған бейнеклипінің премьерасы туралы хабарлады.
Бұған дейін Димаш Құдайберген жұлдызды композитор Уолтер Афанасьевпен бірлескен жұмысын ұсынатыны белгілі болды. Оның жетекшілігімен халықаралық авторлар тобы Димаштың жаңа әнін ұсынады – Love’s Not Over Yet.
Әртіс әлеуметтік желіде бейне хабарлама жазып, осы әнге бейнебаян шығатыны жайлы мәлімдеді.
«Құрметті достар! 7 наурызда менің YouTube арнама «Love’s Not Over Yet» атты бейнебаяным жүктелмек. Кешкі сағат 20:00-ден бастап көріп, тамашалап, бағасын бере берсеңіздер болады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Баршаларыңызға қолдап жүргендіктеріңіз үшін шын жүректен рахмет айтамын!»,
деді Димаш.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Қазақ тілінде қалай сөйлейтініңді тыңдағанды ұнатамын. Біз бейнеклипті асыға күтеміз», «Қандай керемет жаңалық, сәттілік!», «Біз күтеміз», «Премьераны асыға күтеміз», – деп жазды әншінің жанкүйерлері.
Фото: Instagram
The post Димаш Құдайберген жаңа бейнеклипі шығатынын хабарлады appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.