
Instagram: @sveta_aitbaeva73
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан медицина саласындағы білімін сәтті аяқтап, Астана медицина университетінен дәрігер мамандығы бойынша диплом алды.
Қуанышты жаңалықты Раушанның анасы Света Айтбаева өз Instagram парақшасында бөлісті.
«Ақ Рәшөніміз дипломын алып, қуанып тұрмыз. Еліңе қызмет етіп, халқыңның жанына араша болар білікті дәрігер бол, ботам!»,
деп жазды Раушанның анасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әкесі Қанат Айтбаев та әлеуметтік желіде сурет жариялап, қызына ақ жол тіледі.
Желі қолданушылары Құдайбергеновтер отбасын қуанышымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
«Құтты болсын! Жемісін көрсін! Адал дәрігер бол!», «Раушан ханым, дәрігер атануыңызбен , адамдардың алғысына бөленуіңізді келешекте тілеймін», «Құтты болсын, еңбекте мол табыс тілейміз. Жақсы, білікті маман болсын!», «Сұлу Раушан қызымыз дипломың құтты болсын! Алға қойған барлық армандарың орындала берсін!», – деген тілектер жазылды желіде.
Фото: Instagram
The post Димаштың қарындасы болашақ дәрігер: Раушан Құдайберген диплом алды appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
