Instagram: @dina_tasbulatova
Кино жұлдызы Дина Тасболатова жанкүйерлеріне Netflix түсірілім алаңын көрсетті — Испанияға ұшып кеткен қазақстандық актриса алаңнан видео жазба түсірді.
Жақында Дина Тасболатова «Netflix» стримингтік сервисінде көрсетілетін жобаның түсіріліміне қатысатынын мәлімдеді. Актриса түсірілім алаңын көрсетті, сондай-ақ испан актерлеріне ұлттық тағам ұсынды.
«5:40-та ұйқыдан тұру, 6:15-те алаңға шығу. Макияж жасамас бұрын, біз кофе алу үшін буфетке кірдік. Мен Қазақстаннан құрт әкеліп, бүкіл түсірілім тобына бердім. Олар құрттың дәмі ірімшік сияқты деп айтты. Оларға ұнады деп үміттенемін»,
деп бөлісті Тасболатова.
Динаның кейіпкерінің шашы қысқа, сондықтан оған парик киюге тура келді.
«Макияждан кейін костюмерлерге барып, киім киіп, оны фактуралай бастадық. Біз аяқ-киімге арнайы қаптамалар кидік, өйткені алаң балшық. Әрине, түсірілім процесін көрсете алмаймын, бірақ өте қызықты болды деп айта аламын»,
деп атап өтті актриса.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Instagram
The post Дина Тасболатова Netflix түсірілім алаңындағы бір күнін көрсетті appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
Author Profile
Latest entries
- HOLLYWOOD20.01.2025Спустя полгода: Дакота Джонсон и Крис Мартин развеяли слухи о расставании
- HOLLYWOOD20.01.2025«Я переживаю, что меня могут затоптать»: фобия Кейт Уинслет тебя удивит
- HOLLYWOOD20.01.2025Кэмерон Диас готова вернуться к сиквелу фильма «Маска» при одном условии
- Коллекции20.01.2025Jacquemus снимет свое шоу на iPhone