
Instagram: @erke_esmahan
Үшінші сәбиін күтіп жүрген қазақстандық әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі «сұрақ-жауап» айдары барысында алимент туралы сұраққа жауап берді.
«35 мың алимент алатының рас па, Еркеша?»,
деп сұрады әншінің оқырманы.
«Ешқашан алиментке арыз жазбағанмын. Алимент алмағанмын. Ешқашан көмек сұрамағанмын.
Бала өз несібесімен туылады деп, Алла жар болсын деп жұмыс жасап, өзім өсірдім. Нағашылары бақты, қақты, шүкір.
Отау құрған соң күйеуім бірден қасымызға алды Муслимді. Одан кейін не ішеді, не киеді дегенді ойламадым. Кейде осы тараптан ойға батсам, көзіме қуаныштың жасы келеді»,
деп мойындады Ерке.
Сондай-ақ, желі қолданушысы әншінің RaiM-ның ата-анасымен қандай қарым-қатынаста екенін сұрады.
«Раймдікі емес, менің папа мамам ол кісілер. Алланың маған берген алтын адамдары. Шүкір. Бірақ, қазір маған қатты көңіл бөлмей жүр папа мамам. Төтенай деген бір шпион келді. Назардың бәрін алып жүр сол бала»,
деді жауап берді Ерке.

Instagram: @erke_esmahan
Фото: Instagram
The post Ерке Есмахан бұрынғы күйеуінен алимент ала ма? appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.