
Instagram: @ernaraidar_kz
Қазақстандық әнші Ернар Айдар өткен жылдың желтоқсан айында аяқ асты қайтыс болған әкесіне әлеуметтік желіде әсерлі жазба арнаған болатын.
Ернар марқұм әкесімен бірге түсірілген ән кештеріндегі видео жазбалардың үзінділерімен бөлісті және асқар тауына деген сағынышын жеткізді.
«Жаным әке… Барлық жұмыстарымды әкеммен ақылдасатынмын, себебі әкем жан-жақты турасын айтатын. Әкеммен ақылдасу, маған үлкен шабыт, сенімділік сыйлайтын. Барлық ән кештерімнің алдында, үйде әкеме кішігірім концерт қойып беретінмін. Әкем сонда әндерімнің, киімдерімнің, сөйлер сөздерімнің, артық-кемін айтып, ақ батасын беретін еді»,
деп бөлісті ол.
Әртіс қайғылы жағдайды өте қиын қабылдап жатқанын мойындады.
«Ерошым балам, көзіңе қара, асып-тасыма, тәкәппарланба, сахнада жақсылап, жарқырап өнер көрсет» – әке маған осы сөздерді енді кім айтады? Кіммен сырласам, кіммен ақылдасам, кімге еркелеймін, кімге бала болып мақтанамын кімге? Қапыда ерте кеттіңіз-ау! Әкешім, сағындым сізді»,
деп жазды Ернар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Instagram
The post Ернар Айдар жақында өмірден озған әкесі жайлы айтты appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
Author Profile

Latest entries
Коллекции18.02.2025лучшие показы на Неделе моды в Нью-Йорке FW 2025
Коллекции18.02.2025Ким Кардашьян анонсировала новый бренд спортивной одежды
HOLLYWOOD18.02.2025Номинированный на «Оскар» режиссер пожаловался на нехватку денег
HOLLYWOOD18.02.2025Кортни Кардашьян и Трэвис Баркер готовы пойти на этот шаг ради расширения семьи