
Instagram: @indi_edilbayeva
Қазақстандық әнші Индира Еділбаева әлеуметтік желіде Таиландтан фото жариялады. Ару бұл жолы демалыс мүлде басқаша болғанын атап өтті.
Индира Instagram парақшасында Пхукеттен керемет кадрлар көрсетті. Онда ол әдемі пейзаждың фонында әртүрлі жағажай киімдерімен суретке түсті. Суреттен оның жұбайын да көруге болады.
Әнші демалыс керемет өткенін жазды.
«Бұл жолы Тай екінші жағынан ашылды. Аралдағы оқшауланған демалысты шулы қалаға барумен біріктірдік – бұл тамаша тепе-теңдік»,
деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әншінің күйеуі Камалдин Камирдинов жұбайының әртүрлі фотосуреттерді түсіріп алғанына таң қалды.
«Сен мұның бәрін қашан түсіріп үлгердің?»,
деп жазды ол Индира жариялаған суреттердің астына.
Индираның оқырмандары көргендеріне таң қалып, жылы пікірлерін жаза кетті: «Мен де тропикке барғым келеді», «Әдемі», «Керемет».
Фото: Instagram
The post Индира Еділбаева Таиландтағы суреттермен бөлісті appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.