
Instagram: @kamshat__zholdybayeva
37 жастағы қазақстандық әнші Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет ана атанды. Қуанышты жаңалықты әлеуметтік желіде тележүргізуші Анна Данченко хабарлады.
Еске сала кетейік, 2023 жылдың наурыз айында желіде Қамшат Жолдыбаеваның ұзатуынан видео пайда болды. Оның жары актер Ғазрет Қажымұқанұлы.
Анна өз Instagram stories-інде Кәмшат пен Ғазретті құттықтады.
«Ал, сүйінші! Сүйікті әнші қыздарыңыз Кәмшат Жолдыбаева қызды болды. Бауы берік болсын! Жұғысты болсын!»,
деп жазды ол.

Instagram: @ann_2905
Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаева мен актер Ғазрет Қажымұқанұлы әзірге бұл туралы айтуға асықпайды.
«Бөпеңіздің бауы берік болсын!», «Мен де естідім, біздің Ақтөбеде турып жатыр, енесімен, аяғы ауыр деп. Босанған шығар», «Босанды, қазір қырқынан шықты», — деп жазды әншінің оқырмандары.
Фото: Instagram
The post Кәмшат Жолдыбаева алғаш рет ана атанды appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.