
Instagram: @akbotanurabaykyzy
Қазақстандық актриса әрі әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбет ерекше фототүсірілім жасап, желі қолданушыларын таңғалдырды.
«КешYOU» тобының бұрынғы мүшесі далматин тұқымды иттермен бірге сәнді образда бой көрсетті. Суреттер Ақботаның Instagram парақшасында жарияланды.
«Әдемілік – бұл үндемей де әсер ету қабілеті. Өнер – адамның ішкі әлемін сыртқа шығара алатын жалғыз құрал. Кей кадр – мың сөзден артық»,
деп жазды актриса.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақботаның жаңа кейіпі мен оның жанындағы сүйкімді, құйрықты «серіктері» оқырмандарын тәнті етті. Оқырмандары жылы пікірлерін жарыса жазды.
«Уау, қандай әдемі!», «Керемет!», «Ерекше образ», «Blackpink тобының Лисасына ұқсап кетіпсің», «Круэлла, сенбісің?», «Саған бәрі жарасады», «Сәнді», «Қара мен ақ ешқашан мұншалықты үйлесімді болмаған! Ақбота, бұл образда жарқырап тұрсың!» – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram
The post «Круэлла, сенбісің?»: Ақбота-Нұр Сейтмағамбет далматин иттермен фототүсірілім жасады appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.

(@akbotanurabaykyzy)