Отандық әнші және актриса Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі оқырмандарының жеке өмірі туралы сұрақтарына жауап берді. Ол, сондай-ақ, тұрмыс құрмаған қыздарға өз кеңесін айтты.
Мақпалдан «Күйеуіңмен ажырастың ба?», – деп сұрады.
«Жоқ, біз үшінші баланы жоспарлап жүрміз», – деді ол.
Әншіден балаларының қай ұлтқа жататынын сұрады. Олардың сырт бейнесі ерекше екені айтылды.
«Әртүрлі», – деп қысқаша жауап берді Мақпал.
Біреу әншінің «қартайғанын» айтты.
«Бәрімізде бір сценарий бар. Өлім сияқты кәрілік те ешкімді де, айналып өтпейді. Егер сен қызғанып, ашуланшақ болсаң, мұның бәрі саған ертерек келеді», – деп жауап берді әртіс.
Ол, сондай-ақ, 30 жастан асқан тұрмысқа шықпаған қыздарға үміттерін үзбеуге кеңес берді.
«О, қыздар, үміттеріңді үзбеңдер. Барлығына үлгересіңдер, маған сеніңдер. Тұрмысқа шығып та, босанып та және шаршап та үлгересіңдер. Өмір сүріңдер, дамыңдар, жоғарылаңдар, саяхаттаңдар, еркіндігіңнен, жеңілдігіңнен, алаңсыз күндерден ләззат ал. Барлығының өз уақыты болады»,
деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
The post Мақпал Исабекова үшінші баласын жоспарлауда appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
Author Profile
Latest entries
- HOLLYWOOD12.09.2024Blonded: Кендалл Дженнер кардинально сменила цвет волос
- HOLLYWOOD12.09.2024Хейли Бибер впервые вышла в свет после рождения сына
- HOLLYWOOD12.09.2024Илон Маск назвал Тейлор Свифт «бездетной кошатницей» и предложил подарить ребенка
- HOLLYWOOD11.09.2024BLACKPINK-тегі Джису мен Со Ин Гук жаңа дорамада ғашықтарды сомдайды