
Instagram: @zhuldyzabdukarimovaofficial
Жұлдыз Әбдікәрімова жақсы жаңалықпен бөлісті – оның сот бойынша мәселесі шешілді.
Өткен күзде танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі оны жақын адамы алдағанын мәлімдеді. Ол сотқа жүгінген болатын.
Жұлдыз қиын сәтте оны қолдаған адамдардың барлығына алғысын білдіріп, мәселесі шешілгенін айтты.
«Бұл жаңалықтың жақсы жері сол, мен үшін бәрі де аяқталды. Балаларыма, өзіме тиесілі дүние қайырымен қайтты.
Әу бастан бұл жағдайды сынағым деп қабылдағаным рас. Ешкім, ешқашан үйрете алмайтын өмірлік сабақ болды.
Айналамда жаным-күнім деп, айналып-толғанып жүрген жандар бір-ақ күнде зым-зия болғанын көрдім. «Не көмек?» деп галочк а үшін суық қана смс жолдағандар да болды. Керісінше үнсіз ғана қасымда болып, қолынан келгенін жасап, көмектесуге тырысқан жандарды да көрдім. Бастысы айналамдағы адамдар сүзгіден өтті»,
деп мойындады ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жұлдыз бұл тақырыпқа қайта оралғысы келмейтінін мәлімдеді.
Фото: Instagram
The post «Мен үшін бәрі де аяқталды»: Жұлдыз Әбдікәрімова сот бойынша жаңа ақпаратпен бөлісті appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.