
Қазақстандық танымал жұп Ерке Есмахан мен RaiM кешкі киімде жаңа суреттер жариялады — оларға Қазнетте көптеген оң пікірлер жазды.
Ерке мен RaiM баспалдақта суретке түсті. Әнші ұзын жеңді, жабық, ашық сары көйлек киген, ал жұбайы қара, классикалық костюмде тұр. Олар бір-біріне сүйіспеншілікпен қарады.
«Махаббат — сезім мекені. Некелі болу, бөпелі… Қуану үшін жарыңның, «Жаным» дегені жетеді. RaiM танысқан күннен бастап мені Kiki деп еркелетеді»,
деп жазды Ерке.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазнеттің жүздеген қолданушылары оларды ең әдемі жұп деп атады.
«Өте әдемі! Бақытты болыңдар!», «Сондай тәтті», «Әрқашан осылай бақытты болыңдар», «Қазақстандағы №1 жұп», «Жігіттер, Райымнан қалай күйеу және әке болу керектігін үйреніңдер», — деп жазды желідегілер.
Фото: Instagram
The post Мені «Кики» деп атайды: Ерке Есмахан жаңа суреттер жариялады appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
