GOSSIP GOSSIP
  • НОВОСТИ
  • МОДА
    • Тренды
    • Коллекции
  • HOLLYWOOD
  • СВЕТСКАЯ ХРОНИКА
  • Celebrity
  • Звездный стиль
  • НОВОСТИ
  • МОДА
    • Тренды
    • Коллекции
  • HOLLYWOOD
  • СВЕТСКАЯ ХРОНИКА
  • Celebrity
  • Звездный стиль
GOSSIP GOSSIP GOSSIP GOSSIP
  • НОВОСТИ
  • МОДА
    • Тренды
    • Коллекции
  • HOLLYWOOD
  • СВЕТСКАЯ ХРОНИКА
  • Celebrity
  • Звездный стиль
  • HOLLYWOOD

Мінсіз беттегі «қола» реңкті қалай жасауға болады: K-POP айдолдарының құпиялары

  • 16.07.2025
Итого
0
Поделились
0
0
0
K-POP айдолдарының құпиялары

Instagram: @youseeany

ELLE KOREA басылымы жұлдыздармен жұмыс істейтін визажистердің бронзерлеуші румяналарды дұрыс қолдану тәсілдері туралы мақаласын жариялады. Олар табиғи әрі сәнді көрініске қол жеткізу сырларымен бөлісті.

Материалда TWICE тобының Чеёны, LE SSERAFIM тобының ЧэВоны, aespa-дан Ниннин және BLACKPINK тобының Лисасының күнге күйген бейнесі басты шабыт көзі ретінде көрсетілді.

Жаздың ең танымал бронзирлеуші румяналары
Кәсіби визажистер жиі қолданатын ең танымал өнімдер тізімі:

  • YSL Beauty — Make Me Blush Liquid Blush (57 Coral Clash, шамамен 82 000 вон): терімен әдемі үйлесетін нәзік коралл-беж реңк.
  • Benefit — Benetint (Dark Cherry, шамамен 32 000 вон): шие түстес мөлдірлік беретін жеңіл су текстурасы.
  • M·A·C — Glow Play Cushion Blush (True Harmony, шамамен 47 000 вон): жұмсақ әрі ауадай жеңіл ашық қоңыр реңк.
  • Armani Beauty — Luminous Silk Cheek Tint Shine (425 Sunlit Siena, шамамен 66 000 вон): микрожылтыр қосылған қызыл-коралл түсі.
  • Stila — Blush & Bronze Hydro Blur Cheek Duo (Apricot & Golden, шамамен 41 000 вон): табиғи көрінетін ашық қоңыр және қою қоңырдың үйлесімі.
  • 3CE — Tinted Summer Edition Bouncy Blur Balm (Beige Crush, шамамен 21 000 вон): жұмсақ және қабаттауға ыңғайлы ашық қоңыр реңк.
  • Prada Beauty — Light-Glowing Highlighter (03 Deep, шамамен 102 000 вон): латте түсті жарқырау — айқын сүйек сызығына арналған.
  • Dior Beauty — Dior Rosy Glow Stick (012 Rosewood, шамамен 72 000 вон): талғампаз қызғылт-қоңыр реңк.
  • Amuse × Hello Kitty — Cheek TokTok (09 Bare Skin Tok, шамамен 17 000 вон): ылғалды текстурадағы лимиттелген топтама.

Визажистер не дейді?
Oosun салонының директоры И Мён Сон кеңес береді:

«Бронзер реңктерін тым көп қолдану арқылы жүз қараяды. Егер реңк тым қанық шығып кетсе, үстінен нюд-беж түсті румяна жағу арқылы жұмсартыңыз. BLACKPINK Лисасының образы жақсы мысал: жарқын, бірақ таза және сергек».

Мінсіз беттегі «қола» реңкті қалай жасауға болады: K-POP айдолдарының құпиялары

Instagram: @lalalalisa_m

«Кремді румянаны бетке тікелей жақпа»
Artichacha студиясының жетекшісі Ко Ми Ён тәжірибесімен бөліседі:

«Ең бастысы — бронзер бетке дақ болып түспеуі керек. Крем реңкті бірден теріге жағуға болмайды. Алдымен оның мөлшерін алақаның сыртына шығарып, содан кейін ұқыпты түрде бетке жағу қажет. Мен көбіне кушонның спонжын қолданамын, сол арқылы өнімді тегіс әрі нәзік етіп жағуға болады».

«Күнге күйген табиғи эффектіні ұмытпа»
Фриланс-визажист И Сэ Ра мынадай кеңес береді:

«Бронзер контуринг сияқты көрінбеуі керек. Мен күнге күйгендей табиғи реңк жасаймын: негізге жаңғақ түсті жағамын, үстінен желе қызыл реңкпен бет сүйегін, мұрынды, самайларды бояймын. Нәтижесі — нәзік әрі сәнді болады».

Мінсіз беттегі «қола» реңкті қалай жасауға болады: K-POP айдолдарының құпиялары

Instagram: @izna_offcl

«Дұрыс түс таңдау — басты ереже»
Oosun салонының шебері Чхве Да Сом кеңес береді:

«Қызыл реңктерден гөрі ашық қоңыр түстер жақсы үйлеседі. Егер терің ақшыл болса, алдымен беж-қоңырмен контур беріп, үстінен аздап шабдалы реңк қос. Сенің терің балғын әрі таза көрінеді».

Мінсіз беттегі «қола» реңкті қалай жасауға болады: K-POP айдолдарының құпиялары

Instagram: @_chaechae_1

«Бадам эффекті»
Bit&Brush студиясының директоры Вон Чжон Ё TWICE-тың Чеёнынан шабыт алған:

«Мақсат — күнге күйгендей әсер қалдыру, бірақ терінің табиғи мөлдірлігін сақтау. Кремді немесе сұйық румяна қолдан және міндетті түрде жұмсақ қылшықты қылқаламмен жақ. Саусақпен жағу — дақ қалдыруы мүмкін».

Мінсіз беттегі «қола» реңкті қалай жасауға болады: K-POP айдолдарының құпиялары

Instagram: @chaeyo.0

Жазғы бронзер — жай ғана косметика емес, көңіл-күйдің көрінісі. Лисаның күнге күйген жүзі, Чеёның балғын жарқырауы немесе ЧэВонның мөлдірлігі — K-POP визажистері реңк пен текстураның бейнені қалыптастыратынын дәлелдейді. Басты ереже: дұрыс түс таңдау, шамадан тыс қолданбау және барлық сиқыр — ұсақ бөлшектерде.


Фото: Instagram

Дереккөз: YesAsia

The post Мінсіз беттегі «қола» реңкті қалай жасауға болады: K-POP айдолдарының құпиялары appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.

Итого
0
Поделились
Поделиться 0
Твитнуть 0
Pin it 0
ДАЛЕЕ ПО ТЕМЕ
читать

Лучшие хирурги по омолаживающим комплексным операциям (face-neck-eyes)

читать

Лучшие пластические хирурги по липосакции и абдоминопластике

читать

Не просто модель: Kate Smolianinova о смысле, стиле и свободе

читать

Теперь и дизайнер мебели: Джастин Бибер представил прототип скамьи под брендом SKYLRK

читать

«Только для сна»: откровение Ника Джонаса вызвало волну споров в Сети

читать

Том Хиддлстон попал врасплох из-за вопроса о бывшей звездной девушке

читать

Стала известна следующая роль Блейк Лайвли после скандала с Джастином Бальдони

читать

Зачем Даррен Аронофски пытался поссорить Натали Портман с Милой Кунис?

Свежие записи

  • Корона столицы: Надежда Шанина стала новой Королевой Москвы и Московской области
  • Людмила Воеводина: неоклассика фортепиано как новая форма современной роскоши
  • Елена Громилова: Как превращать сложность в ясность и не бояться жить свою жизнь?
  • Элина Ладыченко откровенно о творчестве, бизнесе и личной философии жизни
  • Новый бьюти-дуэт: Павел Воля и Ляйсан Утяшева представили собственные бренды ухода
RSS НОВОСТИ ПАРТНЕРОВ
  • Внутри [ИИ]скусства протокола в Москве: Dianapp, эстетическая медицина и технологии нового поколения
  • Дебют как манифест: конкурс «Первые» артисты России открыл новые имена
  • Янина Студилина, Алена Чехова, Екатерина Кобба и другие на презентации книги Ильи Силаева «Режиссер кино. Подготовка»
  • Зайцев 2.0: как архивы великого кутюрье взорвали подиум в дерзкой интерпретации Никиты Карстен
  • Ольга Свиблова, Милена Орлова, Кирилл Преображенский и Анна Баринова на открытии выставки Дани Пирогова
GOSSIP
  • НОВОСТИ
  • МОДА
  • HOLLYWOOD
  • СВЕТСКАЯ ХРОНИКА
  • Celebrity
  • Звездный стиль
о модных тенденциях, советах по красоте, новостях поп-культуры и стиле знаменитостей

Input your search keywords and press Enter.