
Instagram: @aizhuldyz_adaibekova/@saken_kagarov
Мальдив аралдарына демалысқа барған актриса Айжұлдыз Адайбекова мен экстрим-блогер Сәкен Қағаров мұхит жағасындағы романтикалық кешкі асының қалай өткенін көрсетті.
Ауа-райы бұзылғанына қарамастан, бұл жағдай жұптың көңіл-күйін түсірмеді.
Сәкеннің айтуынша, ол әйелі үшін мұхит жағасында ерекше кешкі ас ұйымдастырмақ болған. Алайда, күтпеген жерден жел тұрып, артынан нөсер жаңбыр жауып кеткен.
Бірақ, жас жұп ауа райының тосын мінезіне ренжудің орнына, жағдайға күліп қараған.
«Бұл нөсер, керісінше, көңіл-күйімізді көтеріп жіберді»
деді Сәкен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Осы сәттің кереметі де сонда ғой, жай ғана кешкі ас болғанда мұншалықты әсерлі болмас еді! Керемет», «Керемет қой, кейін ұйықтар алдында фильм қарап, бұл оқиғаны еске алуға болады», «Айжұлдыздың күлкісі – миллионға татиды», «Супер», «Естен кетпейтін естелік болады», «Өте романтикалық, өмір бойы есте қалады», – деп жазды желі қолданушылары.
Фото: Instagram
The post «Нөсер жаңбыр көңі-күй сыйлады»: Сәкен Қағаров Айжұлдызға романтикалық кешкі ас ұйымдастырды appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
