
Instagram: @raushan_kudaibergen
Раушан Құдайберген өзіне арнап әсерлі музыкалық сый жасаған ағасы Димаш пен інісі Мансұр Құдайбергенге шынайы алғысын білдірді. Сонымен қатар ол ата-анасына да жүрекжарды ризашылығын жеткізді.
Қыз ұзату тойында Димаш пен оның кенже інісі Мансұр Раушанға арнап музыкалық шығарма орындады. Димаш өте әсерлі ән айтса, Мансұр оны сүйемелдеді. Бұл сыйлық Раушан үшін күтпеген тосынсый болып, ол көз жасына ерік берді.
«Көкетайым мен Мансұртайымның тосынсыйларын қайта-қайта қараудамын. Әр тармақ, әр сөз жанымнан орын алды.
«Бұл әлемде бауырларыңнан жақын еш бір жан жоқ» деп тәрбиелеп, бір-бірімізге деген шексіз махаббатты жан сарайымызға сыйлап өсірген ата-аналарымызға мың мәрте рахмет!
Көкеме, Мансұрыма деген махаббатты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Жақындарым, сыйластарым, бауырларым. Әркез сендермен біргемін»,
деп жазды Раушан.

Instagram/stories: @raushan_kudaibergen
Айта кетейік, Димаш пен Мансұрдың бұл өнері тек Раушанды ғана емес, әлеуметтік желі қолданушыларын да тебірентті. Көпшілік ән арқылы жеткізілген нәзік те шынайы бауырмалдықты ерекше сезінгенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Instagram
The post Раушан Құдайберген қыз ұзатуына жасаған әсерлі тосынсый үшін ағасы мен інісіне алғыс айтты appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
