
Қазақстандық тележүргізуші және актриса Салтанат Серкебаева әлеуметтік желіде жақсы жаңалықпен бөлісті — ару тұңғышын күтуде.
Еске сала кетейік, көктемде Салтанат Серкебаева Мальдив аралдарынан сүйіктісімен жарқын суреттер көрсетті . Актрисаның тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Желіде «Сырға салу» рәсімі мен үйлену тойының кадрлары жарияланып жатты.
Салтанат жанкүйерлеріне ана болуға дайындалып жатқанын айтты.
«Мен өзімді періште сияқты сезінемін», – деп жазды Салтанат инста парақшасында. Видеода болашақ ана иықтары ашық ақ түсті көйлек киді, артында үлкен ақ қанаттары болды.
Актрисаны қуанышымен құттықтаймыз!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
The post Салтанат Серкебаева алғаш рет ана атанбақ appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.