
Қазақстандық актер Тәуекел Мүсілім мен оның жұбайы Махаббат Түктібаева тележүргізуші Динара Сатжанға берген сұхбатында отбасындағы жаңалықтармен бөлісті.
Динара Сатжан шоуындағы сұхбаттан үзінді оның Instagram парақшасында жарияланды.
Актер мен оның жұбайы тележүргізушімен отбасылық өмірді талқылап жатқанда, Тәуекел кенеттен қуанышты жаңалықпен бөлісті.
«Осыған дейін уақыттың 70 пайызы балаларға кетеді деп айтатынмын. Жақында 100 пайыз болады. Себебі біз үшінші сәбиімізді күтіп жүрміз. Бұл жаңалықты әлі еш жерде жарияламадық»,
деді Мүсілім.
Тәуекел мен Махаббат сәбидің жынысы әлі белгісіз екенін айтты, бірақ олар қыз болады деп үміттенеді — ерлі-зайыптылар екі ұл тәрбиелеп отырғанын еске саламыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Instagram
The post Тәуекел Мүсілім және оның әйелі Махаббат Түктібаева үшінші рет ата-ана атанбақ appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
