Instagram: @erke_esmahan
Ерке Есмахан әлеуметтік желіде некеге дейінгі қорқыныштары туралы айтты.
Ерке екінші жартысын тапқысы келетіндер мен махаббаттан күдерін үзгендерге шабыт сыйлады.
«Менің жеке өмірім әртүрлі сынақтардан өткенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Бірінші некем сәтсіз болды. «Ажырасқан қыз» деген атқа қалдым. «Жалғызбасты ана» атандым. Көп ұшып, дұрыс ұйықтамай, уақытылы тамақ ішпей, денсаулығым сыр берді…
Өмірімде баланс болмады. Ақшаны жақсы тамсам да, ертеңгі күніме сенімсіз едім»,
деп жазды Ерке.
Ол, сондай-ақ, ана болу бақытын қайтадан сезе аламын ба деген ой мазалағанын айтты.
«Тек Муслимнің анасы болып қаламын ба?», «Тағы ана атана аламын ба?», «Екінші рет тұрмыс құра аламын ба?», «Мені шын сүйетін, қорғап, қолдайтын өмірлік жолдас кездесе ме?» деген ойдың жетегінде жүрдім.
Ішкі жарамды жасыру үшін жылтырақ киіп, қаттырақ күліп, жалғыз қалудан қорқып, адам көп жерде жүріп әлек болдым»,
деп мойындады Есмахан.
Әнші жақсылыққа сенуге шақырды — қазір ол көптен күткен бақытқа ие болды, тұрмыс құрды және екінші рет ана атанды.
Фото: Instagram
The post «Тағы ана атана аламын ба?»: Ерке Есмахан тұрмыс құрғанға дейінгі қорқыныштары жайлы айтты appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
Author Profile
Latest entries
- СВЕТСКАЯ ХРОНИКА13.12.2024Модный антракт FSR прошел в Московском театре мюзикла
- HOLLYWOOD13.12.2024Внебрачный сын Джей-Зи подал на рэпера в суд
- HOLLYWOOD13.12.2024«Достиг половой зрелости»: Тимоти Шаламе отреагировал на критику своего нового образа
- HOLLYWOOD13.12.2024Бывший сотрудник Дидди подал новый иск против рэпера