
Instagram: @asselsagatova
Қазіргі таңда Еуропада демалып жүрген отандық актриса Әсел Сағатова Майорка аралында түсірілген суреттерін көпшілікке көрсетті. Жанкүйерлерге бұл кадрлар ерекше ұнаған сияқты.
Шілденің соңында Сағатова Испанияға демалысқа ұшып кеткен еді. Актриса Instagram-дағы парақшасында жариялаған жаңа суреттерінде Майоркадағы ең көрнекті орындардың бірі – Драч үңгірлерін көрсетті. Сондай-ақ, ол бұл орын туралы қызықты деректермен бөлісті.
«Үңгірлер шамамен 1,2 шақырымға созылып, жер астына 25 метр тереңдікке дейін түседі. Ішінде әлемдегі ең ірі жерасты көлдерінің бірі саналатын Мартель көлі (Lago Martel) орналасқан.
Бұл үңгірлер миллиондаған жылдар бойы теңіз суының әсерінен қалыптасқан. Ішінде жыл бойы шамамен +21°C температура және жоғары ылғалдылық сақталады»,
деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Суреттерден актрисаның кішкентай қызымен бірге Испанияда демалыс күндерін өткізіп жүргенін көруге болады.
«Ғажап! Табиғаты да керемет», «Әдемі әрі қорқынышты, аралас сезім», «Ерекше, көркем әрі біртүрлі үрейлі» – деп әсерлерімен бөлісті актрисаның оқырмандары.
Фото: Instagram
The post Қазақстандық актриса Әсел Сағатова испан аралында түскен суреттерімен тәнті етті appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
