
Instagram: @erke_esmahan
40 жастағы әнші Ерке Есмахан үшінші мәрте ана атануға дайындалып жатыр. Жақында ол Instagram парақшасында айы-күні жақындаған кезіндегі суреттерімен бөлісіп, жанкүйерлерінен болашақ сәбиінің жынысын тауып көруді сұрады.
Желіге жүктелген жаңа фотосуреттерде Ерке нәзік қызғылт түсті трикотаж көйлек пен жамылғы киіп, ерекше мейірімді, жылы кейіпте көрінді.
Образын шағын ашық түсті сөмке мен ақ өкшелі аяқ-киіммен толықтырды. Ұзын шашын жайып, жеңіл макияж жасаған әнші ерекше көрікке енген.
«Ұл ма, қыз ба? Болжаңыздар ал»,
деп жазды Ерке.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Пікір қалдырған тыңдармандары мен әріптестері әншінің жарқыраған бейнесіне тәнті болып, өз ойларын ортаға салды.
«Қыз болады, ішіңіз төбеге қарап, дөңгелек болып тұр», «Ұл секілді», «Қыз, себебі қызғылт түс көйлек киіп алыпсыз», «Ендігісі қыз», «Өзіңіздей сұлу да ақылды қыз болсын. Әкесінің ерке қызы болсын», – деп жазды желідегілер.
Фото: Instagram
The post «Әдемі қыз болатын сияқты»: Ерке Есмаханның болашақ сәбиінің жынысын желі қолданушылары болжауда appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
