
Instagram: @raushan_kudaibergen/@ermaxan_aymaxan
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан сүйіктісі, актер Ермахан Аймаханмен бірге түскен романтикалық суреттерін Instagram парақшасында жариялады.
Жайлауда түсірілген әсерлі де романтикалық кадрлар оқырмандарын қуантты. Жастар бір-біріне құшақ жайып тұр, атқа мініп шауып келе жатқан сәттері де бар. Екеуінің жүзінен шаттық пен махаббат сезімі анық байқалады. Әлеуметтік желі қолданушылары жұпқа ақ тілектерін арнады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Раушанның суретіне алғашқылардың бірі болып әнші ағасы Димаш Құдайберген пікір қалдырды:
«Бақытты болыңдар, алтындарым»,
деп жазды әнші.
«Бақытты болсын жастар!», «Бір-біріне ұқсайды екен», «Жандарым, қазақтың ұлттық болмысын, бет пердесін айқын, ерекше стильде көрсеткендерің үшін мың алғыс!», «Нағыз ҚозыКөрпеш пен Баян Сұлу!» – деп пікір қалдырды желідегілер.
Фото: Instagram
The post «Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу»: Димаштың қарындасы мен күйеубаласы романтикалық фототүсірілім жасады appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.


(@raushan_kudaibergen)