
Instagram: @farizatoreali
Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі Instagram парақшасында орындалған армандары жайлы ой қозғады.
Блогер ағасы мен сіңлісімен бірге шетелге таңғы асқа баруды ойлап, қиялға шек қоймағанын еске алды.
«Бала күнімдегі бір сәт есіме түсіп кетті. Ағам, мен, сіңлім – үшеуміз армандауды, болашақ жайлы елестетуді бір жақсы көретін едік. Әсіресе ағам. Шамамен менің жеті жасым. Әлі есімде екен. Байқоңырда тұрамыз. Шай үстінде әңгіме-дүкен құрып, жақсы әңгімелер көп болатын.
Сонда ағам бір сөзінде «Алла қаласа, үлкен қалаға көшеміз, сондай күнге жетеміз, бәріміз таңертең тұрып «кеттік таңғы асты Парижде ішейік, кешкі асты тағы бір елде» деп кетіп қала салатын сәттер болса, иә» дегені бар. Бірақ, ол кездері ондай мүмкіндіктер жоқ еді. Кішкентай мен үшін қатты есімде қалған сәт екен, тіпті елестетіп миыма сіңіріп алдым»,
деп жазды Фариза.
Ол отбасының, әсіресе ағасының өмірге деген көзқарасы мен шексіз армандарының өзіне қалай әсер еткенін айтты.
«Қазір ойлап отырсам, ағамның миында бала күнінен шектеу жоқ. Өзі ғана армандап қоймай, бізге де үйреткен екен. «Мүмкін емес» дегенді ойламаған. Ойына, армандарына, қиялына ерік беріпті. Сонда кішкентай Фариза әлгі өмірді елестетіп, миына жаңа нейрондарды енгізе бастаған екен. Дәл біз армандап отырған өмір мүмкін екеніне сендім. Адамға нық сенім өте керек»,
деп жазды блогер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Instagram
The post «Ағамның миында бала күнінен шектеу жоқ»: Фариза Төреәлі орындалған армандары туралы жазба жариялады appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.