
Instagram: @kudaibergenov.dimash
Әлеуметтік желілерде әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қатысуымен жалған бейне таралуда.
Бейнероликте ол «Қазатомөнеркәсіп» инвестициялық платформасындағы пассивті табыс мүмкіндігі туралы айтады.
Видеода алғашқы аптада-ақ 400 мың теңгеден басталатын кепілдендірілген төлемдер және табыс мөлшері инвестордың жасына байланысты екені айтылған.
«Видео жалған дауыспен дыбысталған. Негізге Димаштың 2023 жылдың 29 сәуірінде Sputnik Armenia радиосының журналисіне берген сұхбаты алынған. Оны станцияның ресми YouTube арнасынан көруге болады.»,
делінген сайтта.
Түпнұсқа видеода әртіс Арменияға деген сүйіспеншілік, жеке өмір және шығармашылық жоспарлар туралы өз ойларымен бөліседі. Бұл сұхбатта платформа мен табыс туралы ақпарат жоқ.
«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының ресми сайтында инвестициялық платформаның іске қосылуы туралы ештеңе айтылмаған. Сонымен қатар, алаяқтардың әрекеттері туралы ескерту бар.
«Ұлттық даму бағдарламасы» деп аталатын Facebook парақша арқылы жалған ақпарат насихатталуда. Алайда Қазақстанда мұндай мемлекеттік бағдарлама жоқ.
«Алаяқтар Димаш Құдайбергеннің есімін, қолдан жасалған видеоны және мемлекеттік құрылымдарға жасалған жалған сілтемелерді сенімділікті ояту және пайдаланушыларды шатастыру үшін пайдалануда. Күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Бір рет басып, ақшаңыздан айырылып, жеке деректеріңізді жария етуіңіз ықтимал»,
деп ескертті Stopfake.kz.
Фото: Instagram
Дереккөз: Stopfake.kz
The post Алаяқтар Димаш Құдайбергеннің атынан жалған ақпарат таратуда appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.