
Instagram: @asselsadvakassova
Кино саласында көпшілікке таныс актриса Әсел Сәдуақасова шетелде өткізген күндері жайлы әсерімен бөлісті.
Әсел біраз уақыт Индонезияның Бали аралында болып қайтқан. Ол жерде шығындарының Алматыдан төмен екенін атап өтті.
«Өз тәжірибемнен айтар болсам, Балида күн көру әлдеқайда арзан. Алматыда қосымша шығындар көп болса, мұнда тек ең қажетті нәрселерге – тамақ, жолақы және ұсақ-түйекке ғана ақша кетеді»,
дейді ол.
Сонымен қатар актриса елді қатты сағынғанын жасырмады.
«Қазақстанымды ерекше сағындым. Өткен жылдың қарашасынан бері алғаш рет ұзақ уақыт болмадым. Қайтатын уақыт келді деп ойлаймын»,
деді Әсел.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
The post «Балиде Алматыдан әлдеқайда арзан»: Әсел Сәдуақасова елге оралды appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
