
Instagram: @bayanmaxatkyzy
Қазақстандық продюсер және актриса Баян Алагөзова тележүргізуші Дана Нұржігітке сұхбат берді. Блогер Мөлдір Анарбаева оның «сәлем сәлу» туралы айтқан сөздеріне жауап берді.
Дана Нұржігіт YouTube арнасында шыққан сұхбатында Баян Алагөзова жеке өмірі туралы айтып, бірқатар тақырыптар жайлы сөз қозғады. Атап айтқанда, ол «сәлем салуды» құрмет көрсетудің міндетті белгісі деп санамайтынын мәлімдеді.
«Бұл менің ДНҚ-да жоқ. Бізде Орал қаласында «сәлем салу» жоқ. Мен мұны ешқашан көрген емеспін»,
деді Баян Алагөзова.
Ол құрмет көрсетудің басқа жолдары бар деп санайды.
Сонымен қатар, продюсер хейтерлердің пікіріне мән бермейтінін айтты.
«Мені үйде отырған, түнде бауырсақ жейтін, майлы қуырылған картопты жеп, мені талқылайтын әйелдің пікірі мазаламайды. Ол семіруді, деградацияға ұшырауды және мені талқылауды жалғастырады»,
деді Алагөзова.
Ол басқа біреудің пікіріне қарамай, өз жолымен жүре беретінін айтты.
Блогер Мөлдір Анарбаева продюсердің мәлімдемелеріне Instagram желісінде жауап берді.
«Сәлем салу – келін екеніңнің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына құрметі. Сәлемге ие болған адам: — Бақытты бол, балам! — деп ықыласын білдіреді, бақыт пен берекет тілейді. Ағаттығы да қиындығы да зияны да жоқ. Бата арқалап жүрейік!»,
деді Мөлдір.
Блогер үйде отырған әйелдердің басқа біреудің өмірін талқылауға уақыты жоқ екенін атап өтті.
«Тыныш отырсаңдар сендерді ешкім талқыламайды ғой. Біреуді әңгіме қылатын уақыт та жоқ болып қалды. Өзіміздің өміріміз өзімізге – телехикая. Өзіміз өзімізге жұлдыз болдық әуелі. Сен түгілі жақынымыздың жағдайын сұрайтын, өсек айтатын уақыт жоқ қазір»,
деді Мөлдір Анарбаева.
Анарбаева өңірлерге бөлінбеуге шақырды және еліміздің кез келген бұрышында батырларды дүниеге алып келген аналар бар екенін атап өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оның видеосына Баян Мақсатқызы жауап берді.
«Ой, жарайсың. Енді батыр қыз туып алыңыз, кәртөшкі жеп! Оралда сәлем салмайды. Бірақ, бәрін көреміз, бәрін білеміз!»,
деді ол.
Блогер stories-те Баянның бұл сөзіне пікір қалдырды.
«Тілегіне рахмет! Құдайдың бұйыртқанын жейміз ғой. Кәртөшке болса кәртөшке. Негізі Баян маған ұнайды. Бір жылдары кітабын бір күнде бір деммен оқып шыққанмын. Діни көзқарастарымыз да сай. Біз құдайды діннен іздемейміз. Құдай барлық жерде. Қазаққа пайдасы тиіп жүрген қыз ғой. Оны мойындау керек.
Ел сыналмасын. Тыныштық болсын. Қыздарымыз қарумен емес біліммен, өнермен батыр атансын! Бір қызым бар. Баяша ту деп, тілек айтып отыр. Көрейік енді»,
деп түйіндеді блогер.
Фото: Instagram
The post Блогер Баян Алагөзованың сәлем сәлу туралы айтқанына ашуланды appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
