
Instagram: @kudaibergenov.dimash
Қазақстанның Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген Ақтау тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады – қалаға Түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесі берілді.
Димаш өзінің Instagram-дағы блогында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» фестивалінде өнер көрсеткен бейнежазбаны жариялады.
Концертте керемет атмосфера орын алды – халық әртісті, ал ол өз тыңдармандарын көргеніне қуанышты болды.
«Киелі мекен Ақтауды Түркі әлемінің астанасы атағын алуымен құттықтаймын! Бұл жай ғана мәртебе емес – бұл халқымыздың бай мәдениетін, тарихын, рухын мойындау.
Концертке келген 150 мыңнан астам көрерменге шын жүректен алғыс айтамын!»,деп жазды Димаш.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Өте әдемі керемет концерт болды, бұрын соңды болмаған», «Димашты көріп мәз болдық», «Керемет концерт, керемет көңіл-күй болды! Жарқырай бер, Димаш!», «Маңғыстауға жылда келсеңіз қуанамыз», «Керемет, қазақтың мақтанышысың, Димаш!», «Концертте болдық, сөз жоқ!», – деп жазды Димаштың тыңдармандары.
Фото: Instagram
The post Димаш Құдайберген Ақтаудағы ән кешінен бейнежазба жариялап, қаланы жаңа мәртебесімен құттықтады appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
