
Instagram: @fariza_yeskermes
Қазақстандық актриса, отандық фильмдердің жұлдызы Фариза Ескермес Нью-Йоркте қалай уақыт өткізіп жүргенін көрсетті. Ол кадрларды Instagram парақшасында жариялады.
Фариза мегаполистің айрықша атмосферасын жеткізуді мақсат еткен. Ол бұл міндетті шебер орындады. Кадрлар қала көшелеріндегі серуен кезінде және қайықпен су үстінде саяхаттаған сәттерде түсірілген. Фото мен видеодан актрисаның жұбайын және достарын да көруге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әдемі суреттерден бөлек, актриса Нью-Йорктегі шынайы эмоциясымен де бөлісті.
«Эмоциялар әртүрлі болды: басында қатты джетлаг, әлсіздік, бас айналу, бірде суық, бірде ыстық, қолымды қайнаған сумен күйдіріп алдым, ісіну болды, күйеуіммен он шақты рет ұрсыстық, соның кесірінен Бродвей мюзикліне алған билеттер күйіп кетті.
Бірақ, жақсы сәттер әлдеқайда көп болды. Ақыр соңында есте тек жақсы сәттер ғана қалады. Дегенмен, Нью-Йорк мені шыдамдылыққа әбден сынады. Не болса да, бұл қаланы ессіз жақсы көремін! Ал біз жақында әрі қарай ұшамыз»,
деп жазды Фариза.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Instagram
The post Фариза Ескермес Нью-Йорктің ерекше атмосферасын жеткізді appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
