
Instagram: @say_mo__
Танымал әртіс Say Mo бұрынғы күйеуі Шәріп Серіктен зорлық-зомбылық көргенін есіне алды.
Айта кетейік, Шәріп Серіктің экс-сүйіктісі Әлия Бутеева актердің лифттен cүйреп шығарып, соққыға алған видеосын жариялаған еді. Осыған қатысты Мөлдір жеке парақшасына өз ойын жазды.
«Шынымды айтсам, таң қалмаймын. Ол жігіттен бес жыл бұрын талай қорлық көрдім. Әлі күнге дейін терапияда жүрмін. Мен де сол кезде қолымда дәлел болмағасын тақырыпты қозғауға қорықтым. Себебі оның анасы – адвокат. Оған қоса, бәрі мені кінәлады. Тіпті, кейбір таныстарым менен теріс айналды. Әлі есімде Алматыдағы Вавилон тұрғын үй кешенінің алдында қол көтерді. Бірақ, тұрғын үй кешеніне хабарласып, бейнежазбаны ала алмадым. Сол түні әріқарай не болғанын айтып бастасам, ұзақ және қорқынышқа толы әңгіме»,
деп жазды Say Mo.
«Қаздардың көбісі «ол менімен ондай болмайды» немесе «мен оны өзгертемін» деп ойлайды. Бірақ, өзіміз бәрін көріп отырмыз… Қыздар, абьюзер адам ешқашан өзін кінәлімін деп ойламайды, сәйкесінше, өзгермейді. Олар өздерін мінсіз санайды және аналары да солай ойлайды»,
деп бөлісті Мөлдір.


Instagram/stories: @say_mo__
Фото: Instagram
The post «Ол жігіттен талай хоррор көріп едім»: Шәріп Серіктің бұрынғы жары Say Mo да зорлық-зомбылық көргенін айтты appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
