
Instagram: @dalida.naukenova
Әнші, блогер Далида Нәукенова үйлену тойындағы ең бақытты кезеңдердің бірінде қатерлі ісікке шалдыққанын білген.
Ол «Мамский әңгіме» подкастына қонаққа келіп, басынан кешірген ауыр сәттерімен бөлісті.
«Ернұр екеуміз басқа жас жұбайлар секілді ата-ана болуға дайындалдық. Үйлену тойымыздың алдында, үш ай бұрын Check up жасатайық деп шештім. Болашақ балаларымызға сау ата-ана керек деп ойладық. Барлық анализдерді тапсырдық. Бір күні 10 адамнан қоңырау түсті. Телефоным қолымда болмағасын, алып үлгермедім. Біреуіне кері байланысқа шықсам, тез арада дәрігерге келіңіз деді. Дәрігерім «Тек қатты уайымдамаңыз. Сізге онкология орталығына бару керек» деді. Ештеңе түсінбедім. Екі дәрігер сөйлесіп жатыр. «Ол мүлдем бала тумаған, бірақ жатырынан қатерлі ісік табылып тұр. Жатырды алып тастау керек» деді.
Сол жердегі адамдардың бәрі маған аяушылық сезіммен қарап тұр. Жігітім көлігімді сатып, сені емдетемін дегені есімде қалыпты. Бірақ Ернұрға «Екеуміз айырылысайық. Мен бала тумаймын. Саған бала туатын әйел керек» дедім. Ол сәби сүйе алмайтынымызға дайын екенін айтты. Жатырымның жартысын алып тастады. Сонда да бір жарым айдан кейін тойымыз болды. Бәрі күшті өтті»,
деді Далида.
Әнші отадан кейін өз қалпына келіп, жүкті болған. Алайда, сәби шетінеп кетіпті
«Жарты жыл өткеннен кейін жүкті болдым. Жеке емханаға барып, түрлі анализдер тапсырдым. Олар мені ЭКО-мен бала көтерген деп ойлады. Сегізінші аптада бөпем түсіп қалды. Генетикалық тест тапсырғанда не себепті жүрегінің тоқтағанын білдім. Фолий қышқылын маған ішуге болмайды екен. Мен дәрігердің нұсқаулығымен соны іштім. Қатты өкіндім. Жыл сайын дәрігердің тексерілуіне барамын. Сөйтіп жүріп, үш қызымды дүниеге әкелдім. Соңғы аялдамаға жеткенше үмітімді үзбедім. «Бала ата-анаyың ұстазы» деген шын сөз екен. Балаларым дүниеге келгеннен кейін өміріміз өзгерді»,
деп бөлісті әнші.
Фото: Instagram
The post «Тойымызға үш ай қалғанда қатерлі ісікке шалдықтым»: Әнші Далида Нәукенова өмірінің қиын кезеңін есіне алды appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
