
Instagram: @aigul_imanbayeva
Қазақстандық актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желідегі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Олар күйеуі екеуінің жас айырмашылығы және сәби жоспарлап жүр ме деп қызығушылық танытты.
Айгүл Иманбаева «сұрақ-жауап» айдарын өткізуге шешім қабылдады. Оқырмандары күйеуі өзінен неше жасқа кіші деп сұрады.
«Иә, достар, менің күйеуім менен әлдеқайда жас. Өте жас. Тіпті, жап-жас. Менің туған күнім наурызда, оның туған күні қыркүйекте. Яғни, 6 айға жас»,
деп күлді Иманбаева.
«Сізді жүкті деп жатыр. Сол рас па? Егер рас болса, құттықтаймын»,
деп жазды желі қолданушысы.
«Иә, жақында өмірге бір бөпе келеді. Айтамын. Уақыт аз қалды. Өте жуық арада»,
деп Айгүл өз жауабымен қызықтырды.
Ол, сондай-ақ, әже атанғанын айтты.
«Жақсы әже болып жүрмін бе, жоқ па әзірге білмеймін. Немерем бар, бір жаста. Келінім бар, балам үйленген»,
деді ол.
Фото: Instagram
The post «Жақында өмірге бір бөпе келеді»: Айгүл Иманбаева жүктілік туралы сұраққа жауап берді appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
