
Instagram: @zhanar_aizhanova
Қазақстандық әнші және актриса Жанар Айжанова әлеуметтік желі қолданушыларын Ұлттық киімдер күнімен құттықтап, жарқын отбасылық фотосуреттерін көрсетті.
Өз блогына Жанар ханым, қызы Айжұлдыз Адайбекованың және кішкентай немересінің ұлттық нақыштағы киімдерде түскен бірқатар фотосуреттерін жариялады.
«Әр ұлттың өзіне ғана тән, өзіне ғана жарасатын ою-өрнегі бар. Сырт көз қызығатын ұлттық нақыштағы киімдер бізде де асып-тасып жатыр. Мына бейнелер соның жұрнағы ғана. Ұлттық киімдер күні құтты болсын, Қазақ елі!»,
деп жазды Айжанова.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Керемет! Ұлттық киімдері өте жарасымды, өте бай!», «Тамаша, керемет жарасып тұр!», «Жанар ханым, қандай әдемісіз!», «Ұлттық киімдеріміз ертегідегідей», «Кимешекте тұрған сурет өте әдемі», «Керемет», – деп жазды әншінің жанкүйерлері
Фото: Instagram
The post Жанар Айжанова қазақ ұлттық киімінің әдемілігін көрсетті appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
