
Instagram: @asselsadvakassova
Балиде тұратын Әсел Сәдуақасова аралдың басқа тұрғындары сияқты бір күнге өркениеттен (цивилизация) бас тартуға тура келетінін айтты.
Естеріңе сала кетейік, Әсел Сәдуақасова АҚШ-тан Индонезияға көшіп, Балидегі әдемі үйін көрсеткен болатын. Әсел 29 наурыз Бали тұрғындары үшін ерекше күн екенін айтты.
«29 наурызда Балиде жарық, интернет өшеді, көшеге шығуға болмайды, тіпті әуежай да жұмыс істемейді. Аралдағы осындай қызық дәстүр – Ньепидің қасиетті дұға мен үнсіздігі күні. Бұл күні балилықтарда Жаңа жыл басталады»,
деп жазды актриса.


Instagram/stories: @asselsadvakassova
Әсел бұл арал тұрғындары үшін өте маңызды мереке екенін атап өтті.
«Бүкіл арал оған бір айдан бері дайындалып жатыр. Олар үлкен мүсіндерді шығарып, 28 наурызда негізгі көшелермен алып жүріп, мұхитқа апарып, өртеп жібереді. Бұл құбыжықтар зұлым рухтарды бейнелейді, олардан құтылу керек, карманы жыл бойы негативтен тазарту керек»,
деп қорытындылады продюсер.


Instagram/stories: @asselsadvakassova
Фото: Instagram
The post «Жарық пен интернет болмайды»: Әсел Сәдуақасова Балидегі ерекше күн туралы айтты appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
