
Instagram: @almiratursyn
Отандық «Томирис» фильмінің жұлдызы, актриса Альмира Тұрсын су перісінің образында көрініп, желідегі оқырмандарын таң қалдырды. Ерекше бейнесімен ол Instagram парақшасында бөлісті.
Актрисаның айтуынша, фототүсірілім Қапшағайда өткен. Альмира денеге жабысып тұратын көйлекпен су ішінде нағыз ертегі кейіпкеріндей тұр. Бұл кейіппен теңіздің тереңінен шыққан су перісін еске салады.
Шашын биікке түйіп жинаған, ал жарқын макияж оның табиғи сұлулығын айқындай түсті.
Үнемі жаңа кейіпке енуден қорықпайтын актриса бұл жолы да тың ойлар жетегінде жүргенін жасырмады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Бұл неткен су перісі? Сұлулығынан бас айналып тұр», «Сіз – қазақтың Софи Лоренісіз», «Сұлулығыңыз шексіз, Альмира!», «Музам менің», «Ғажайып», «Мұндай көркемдіктен су қайнап кетпесін», «Моника Беллуччидің өзі дерсің», «Нағыз су перісі!», — деп жазды Альмираның оқырмандары.
Фото: Instagram
The post «Ғажайып»: Альмира Тұрсын Қапшағайда ертегідегі су перісіне айналды appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
