
Instagram: @_m_a_d_l_e_n
Отандық блогерлердің жаппай өздерінің жеке косметикалық брендтерін жарыққа шығаруы желіде қызу талқыланып жатыр.
Енді Мадлен Мамадалиеваның Madlen’s Glow жиынтығын (ерін жылтырағы мен қарындаш) – 17,8 мың теңгеге, Карины Оксукпаеваның Lick ерін жылтырағын – 5,9 мың теңгеге, ал Айым Сейтметованың BlushMe румянасын – 7,9 мың теңгеге сатып алуға болады.
Блогерлер әлеуметтік желілерде өз косметикаларын жарыса жарнамалап, түрлі промо-акциялар ұйымдастыруда.


Nege.Aqsha дерегінше, Lick бренді StartUp Studio компаниясына тиесілі. Оның иелері – Карины Оксукпаеваның күйеуі Арман Юсупов пен олардың досы, кәсіпкер Рүстем Жәлі. Компания 2024 жылдың қарашасында Алматыда тіркелген, бас директоры – Рүстем Жәлі. Сондай-ақ Юсупов пен Жәлі Айым Сейтметовамен бірге 2025 жылдың сәуірінде құрылған Glam Me компаниясының құрылтайшылары. Бұл фирма BlushMe румянасын шығарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Мадлен Мамадалиеваның өнімдері 2025 жылдың мамырында тіркелген Madlen’s Glow компаниясы арқылы сатылады. Компанияны блогердің әпкесі Сабина Шакурова басқарады.
Мұндай үрдіс әлемдік шоу-бизнес өкілдері арасында бұрыннан бар. Мысалы, Кайли Дженнердің Kylie Cosmetics, Хейли Бибердің Rhode, Селена Гоместің Rare Beauty брендтері бүгінде жаһандық деңгейде танымал.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Instagram
The post Қазақстандық блогерлер батыс жұлдыздары сияқты жеке косметикалық брендтерін нарыққа шығаруда appeared first on ELLE Kazakhstan – мода, красота, тренды, звезды, отношения.
